Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 1986

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
75. Емдеу кітабыكِتَابُ الطِّبِّ
бап
10. Бүйірдің қабынуы туралыبَابُ ذَاتِ الْجَنْبِ
Нөмірі
№ 1986 (Мухтасар реті) · Сахих: № 5720, 5721
1986
Бұхари, № 1986 · Сахих: 5720, 5721Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «أَذِنَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ لِأَهْلِ بَيْتٍ مِنَ الْأَنْصَارِ أَنْ يَرْقُوا مِنَ الْحُمَةِ وَالْأُذُنِ». قَالَ أَنَسٌ: «كُوِيتُ مِنْ ذَاتِ الْجَنْبِ، وَرَسُولُ اللَّهِ ﷺ حَيٌّ، وَشَهِدَنِي أَبُو طَلْحَةَ وَأَنَسُ بْنُ النَّضْرِ وَزَيْدُ بْنُ ثَابِتٍ، وَأَبُو طَلْحَةَ كَوَانِي».

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.): «Алла Елшісі (с.а.с.) ансарлардан бір әулетке улы жәндік шаққанда және құлақ ауырғанда дем салуға рұқсат берді», – деді. Сондай-ақ Әнәс: «Алла Елшісі (с.а.с.) тірі кезінде бүйірімнің қабынуына байланысты күйдіріп емделдім. Сол кезде Әбу Талха, Әнәс ибн ән-Надр және Зәйд ибн Сәбит қасымда болды. Мені Әбу Талха күйдіріп емдеді», – деді.