Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 1962

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
73. Сусындар кітабыكِتَابُ الْأَشْرِبَةِ
бап
14. Пайғамбардың (с.а.с.) кесесінен және ыдыстарынан ішу туралыبَابُ الشُّرْبِ مِنْ قَدَحِ النَّبِيِّ ﷺ وَآنِيَتِهِ
Нөмірі
№ 1962 (Мухтасар реті) · Сахих: № 5637
1962
Бұхари, № 1962 · Сахих: 5637Риуаят етуші: Сәһл ибн Сағд

عَنْ سَهْلِ بْنِ سَعْدٍ السَّاعِدِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: أَتَى النَّبِيُّ ﷺ سَقِيفَةَ بَنِي سَاعِدَةَ فَقَالَ: «اِسْقِنَا، يَا سَهْلُ». فَسَقَيْتُهُمْ فِي قَدَحٍ. قَالَ الرَّاوِي: فَأَخْرَجَ لَنَا سَهْلٌ ذَلِكَ الْقَدَحَ فَشَرِبْنَا مِنْهُ. قَالَ: ثُمَّ اِسْتَوْهَبَهُ مِنْهُ عُمَرُ بْنُ عَبْدِ الْعَزِيزِ بَعْدَ ذَلِكَ، فَوَهَبَهُ لَهُ.

Қазақша аудармасы

Сәһл ибн Сағд әс-Сағиди (р.а.) былай деді: «Пайғамбар (с.а.с.) Бәну Сағиданың қалқасына келіп: “Уа, Сәһл! Бізге сусын бер”, – деді. Мен оларға бір кесемен сусын бердім». Риуаят етуші былай деді: «Сәһл сол кесені бізге алып шықты, біз де одан іштік. Кейін Омар ибн Абдулазиз одан сол кесені сыйға беруін сұрады. Сәһл оны оған сыйлады».