عَنْ جَابِرِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ دَخَلَ عَلَى رَجُلٍ مِنَ الْأَنْصَارِ وَمَعَهُ صَاحِبٌ لَهُ، فَقَالَ لَهُ النَّبِيُّ ﷺ: «إِنْ كَانَ عِنْدَكَ مَاءٌ بَاتَ هَذِهِ اللَّيْلَةَ فِي شَنَّةٍ، وَإِلَّا كَرَعْنَا». قَالَ: وَالرَّجُلُ يُحَوِّلُ الْمَاءَ فِي حَائِطِهِ. قَالَ: فَقَالَ الرَّجُلُ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، عِنْدِي مَاءٌ بَائِتٌ، فَانْطَلِقْ إِلَى الْعَرِيشِ». قَالَ: فَانْطَلَقَ بِهِمَا فَسَكَبَ فِي قَدَحٍ، ثُمَّ حَلَبَ عَلَيْهِ مِنْ دَاجِنٍ لَهُ، فَشَرِبَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ، ثُمَّ شَرِبَ الرَّجُلُ الَّذِي جَاءَ مَعَهُ.
Жәбир ибн Абдулла (р.а.) былай деп жеткізді: «Пайғамбар (с.а.с.) бір жолдасымен бірге ансарлардың бір адамына барды. Оған: “Егер ескі торсықта түні бойы тұрған суың болса, әкел. Болмаса, суды ыдыссыз-ақ іше саламыз”, – деді. Әлгі адам сол кезде бағына су бұрып жүрген еді. Ол: “Уа, Расулалла! Менде түннен қалған су бар. Күркеге жүріңіз”, – деді. Содан кейін екеуін сонда алып барды. Бір тостағанға су құйып, үстіне үйіндегі сауын малының сүтін сауып қосты. Алла Елшісі (с.а.с.) одан ішті. Кейін онымен бірге келген адам да ішті».