Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 1950

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
73. Сусындар кітабыكِتَابُ الْأَشْرِبَةِ
бап
3. Ыдыстар мен тостағанға набиз дайындау туралыبَابُ الِانْتِبَاذِ فِي الْأَوْعِيَةِ وَالتَّوْرِ
Нөмірі
№ 1950 (Мухтасар реті) · Сахих: № 5591
1950
Бұхари, № 1950 · Сахих: 5591

عَنْ أَبِي أُسَيْدٍ السَّاعِدِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّهُ دَعَا النَّبِيَّ ﷺ فِي عُرْسِهِ، فَكَانَتِ امْرَأَتُهُ خَادِمَهُمْ، وَهِيَ الْعَرُوسُ. قَالَتْ: «أَتَدْرُونَ مَا سَقَيْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ؟ أَنْقَعْتُ لَهُ تَمَرَاتٍ مِنَ اللَّيْلِ فِي تَوْرٍ».

Қазақша аудармасы

Әбу Усәйд әс-Сағиди (р.а.) үйлену тойына Пайғамбарды (с.а.с.) шақырды. Қалыңдықтың өзі қонақтарға қызмет етті. Ол: «Алла Елшісіне (с.а.с.) не ішкізгенімді білесіңдер ме? Ол үшін бірнеше құрманы тостағанға салып, түні бойы жібітіп қойдым», – деді.