Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 1944

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
72. Құрбандық кітабыكِتَابُ الْأَضَاحِيِّ
бап
1. Құрбандық етінен жеу және оны жол азығы етіп алу туралыبَابُ مَا يُؤْكَلُ مِنْ لُحُومِ الْأَضَاحِيِّ وَمَا يُتَزَوَّدُ مِنْهَا
Нөмірі
№ 1944 (Мухтасар реті) · Сахих: № 5571
1944
Бұхари, № 1944 · Сахих: 5571Риуаят етуші: Омар

عَنْ عُمَرَ بْنِ الْخَطَّابِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّهُ صَلَّى الْعِيدَ يَوْمَ الْأَضْحَى قَبْلَ الْخُطْبَةِ، ثُمَّ خَطَبَ فَقَالَ: «يَا أَيُّهَا النَّاسُ، إِنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَدْ نَهَاكُمْ عَنْ صِيَامِ هَذَيْنِ الْعِيدَيْنِ، أَمَّا أَحَدُهُمَا فَيَوْمُ فِطْرِكُمْ مِنْ صِيَامِكُمْ، وَأَمَّا الْآخَرُ فَيَوْمٌ تَأْكُلُونَ فِيهِ مِنْ نُسُكِكُمْ».

Қазақша аудармасы

Омар ибн әл-Хаттаб (р.а.) Құрбан айт күні құтбадан бұрын айт намазын оқытты. Содан кейін құтба айтып: «Уа, адамдар! Алла Елшісі (с.а.с.) сендерге осы екі айт күні ораза ұстауға тыйым салды. Оның бірі – оразаларыңды аяқтап, ауыз ашатын күндерің, ал екіншісі – құрбандықтарыңның етінен жейтін күндерің», – деді.