عَنْ أَبِي ثَعْلَبَةَ الْخُشَنِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قُلْتُ: «يَا نَبِيَّ اللَّهِ، إِنَّا بِأَرْضِ قَوْمٍ مِنْ أَهْلِ الْكِتَابِ، أَفَنَأْكُلُ فِي آنِيَتِهِمْ؟ وَبِأَرْضِ صَيْدٍ، أَصِيدُ بِقَوْسِي، وَبِكَلْبِي الَّذِي لَيْسَ بِمُعَلَّمٍ وَبِكَلْبِي الْمُعَلَّمِ، فَمَا يَصْلُحُ لِي؟» قَالَ: «أَمَّا مَا ذَكَرْتَ مِنْ أَهْلِ الْكِتَابِ، فَإِنْ وَجَدْتُمْ غَيْرَهَا فَلَا تَأْكُلُوا فِيهَا، وَإِنْ لَمْ تَجِدُوا فَاغْسِلُوهَا وَكُلُوا فِيهَا، وَمَا صِدْتَ بِقَوْسِكَ فَذَكَرْتَ اسْمَ اللَّهِ فَكُلْ، وَمَا صِدْتَ بِكَلْبِكَ الْمُعَلَّمِ، فَذَكَرْتَ اسْمَ اللَّهِ فَكُلْ، وَمَا صِدْتَ بِكَلْبِكَ غَيْرِ مُعَلَّمٍ فَأَدْرَكْتَ ذَكَاتَهُ فَكُلْ».
Әбу Сағлаба әл-Хушани (р.а.) былай деді: «Мен: “Уа, Алланың Пайғамбары! Біз Кітап иелері тұратын жерде өмір сүреміз. Олардың ыдыстарынан тамақ жеуімізге бола ма? Сондай-ақ біз аңшылық жасайтын жерде тұрамыз. Мен садағыммен де, үйретілмеген итіммен де, үйретілген итіммен де аң аулаймын. Осылардың қайсысы маған халал?” – деп сұрадым. Ол (с.а.с.): “Кітап иелері жайында айтқаныңа келсек, егер басқа ыдыс тапсаңдар, олардың ыдыстарынан жемеңдер. Ал басқа ыдыс таппасаңдар, оларды жуып, содан кейін ішіп-жеңдер. Садағыңмен аң аулап, Алланың атын атасаң, аулағаныңды же. Үйретілген итіңмен аң аулап, Алланың атын атасаң, оның ұстағанын же. Ал үйретілмеген итіңмен аулаған аңға тірі кезінде жетіп, бауыздап үлгерсең, оны же”, – деді».