Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 1907

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
69. Тағамдар кітабыكِتَابُ الْأَطْعِمَةِ
бап
6. Мүміннің бір ішекпен тамақтануы туралыبَابُ: الْمُؤْمِنُ يَأْكُلُ فِي مِعًى وَاحِدٍ
Нөмірі
№ 1907 (Мухтасар реті) · Сахих: № 5393
1907
Бұхари, № 1907 · Сахих: 5393Риуаят етуші: Ибн Омар

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّهُ كَانَ لَا يَأْكُلُ حَتَّى يُؤْتَى بِمِسْكِينٍ يَأْكُلُ مَعَهُ، فَأُتِيَ بِرَجُلٍ يَأْكُلُ مَعَهُ فَأَكَلَ كَثِيرًا، فَقَالَ لِخَادِمِهِ: «لَا تُدْخِلْ هَذَا عَلَيَّ؛ سَمِعْتُ النَّبِيَّ ﷺ يَقُولُ: “الْمُؤْمِنُ يَأْكُلُ فِي مِعًى وَاحِدٍ، وَالْكَافِرُ يَأْكُلُ فِي سَبْعَةِ أَمْعَاءٍ”».

Қазақша аудармасы

Ибн Омардан (р.а.) жеткен хабарда оның өзімен бірге тамақтанатын бір кедейді алып келмейінше ас ішпейтіні айтылған. Бірде онымен бірге тамақтануға бір адамды алып келді. Ол тамақты өте көп жеді. Сонда Ибн Омар қызметшісіне: «Мына адамды енді менің қасыма кіргізбе. Мен Пайғамбардың (с.а.с.): “Мүмін бір ішекпен жейді, ал кәпір жеті ішекпен жейді”, – дегенін естідім», – деді.