عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ رَجُلًا أَتَى النَّبِيَّ ﷺ فَقَالَ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، وُلِدَ لِي غُلَامٌ أَسْوَدُ». فَقَالَ: «هَلْ لَكَ مِنْ إِبِلٍ؟» قَالَ: «نَعَمْ». قَالَ: «مَا أَلْوَانُهَا؟» قَالَ: «حُمْرٌ». قَالَ: «هَلْ فِيهَا مِنْ أَوْرَقَ؟» قَالَ: «نَعَمْ». قَالَ: «فَأَنَّى ذَلِكَ؟» قَالَ: «لَعَلَّهُ نَزَعَهُ عِرْقٌ». قَالَ: «فَلَعَلَّ ابْنَكَ هَذَا نَزَعَهُ عِرْقٌ».
Әбу Һурайра (р.а.) былай жеткізді: Бір адам Пайғамбарға (с.а.с.) келіп: «Уа, Расулалла! Менің қара өңді ұлым дүниеге келді», – деді. Пайғамбар (с.а.с.): «Сенің түйелерің бар ма?» – деп сұрады. Ол: «Иә», – деді. Пайғамбар (с.а.с.): «Олардың түстері қандай?» – деп сұрады. Ол: «Қызыл», – деді. Пайғамбар (с.а.с.): «Олардың арасында сұр түстісі бар ма?» – деп сұрады. Ол: «Иә», – деді. Пайғамбар (с.а.с.): «Ондай түс қайдан шықты?» – деді. Ол: «Бәлкім, арғы тегінің біріне тартқан шығар», – деді. Сонда Пайғамбар (с.а.с.): «Мына ұлың да арғы тегінің біріне тартқан шығар», – деді.