Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 1892

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
67. Талақ кітабыكِتَابُ الطَّلَاقِ
бап
6. Хулғ, ондағы талақтың қалай болатыны және Алла Тағаланың: «Ажырасқан жағдайда әйелдеріңе бұрынырақта тарту еткен мәһір немесе басқа да дүние-мүліктен не нәрсе болса да қайтарып алсаңдар, ол сендерге адал болмайды. Алайда ерлі-зайыптылар Алла белгілеген шектен асып кетуден қорықса, онда үкім басқаша болады» («Бақара», 229-аят) деген сөзі туралы﴿وَلَا يَحِلُّ لَكُمْ أَنْ تَأْخُذُوا مِمَّا آتَيْتُمُوهُنَّ شَيْئًا إِلَّا أَنْ يَخَافَا أَلَّا يُقِيمَا حُدُودَ اللَّهِ﴾ [الْبَقَرَةِ: 229]
Нөмірі
№ 1892 (Мухтасар реті) · Сахих: № 5273
1892
Бұхари, № 1892 · Сахих: 5273

بَابُ الْخُلْعِ وَكَيْفَ الطَّلَاقُ فِيهِ وَقَوْلِ اللَّهِ تَعَالَى:

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّ امْرَأَةَ ثَابِتِ بْنِ قَيْسٍ أَتَتِ النَّبِيَّ ﷺ فَقَالَتْ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، ثَابِتُ بْنُ قَيْسٍ مَا أَعْتُبُ عَلَيْهِ فِي خُلُقٍ وَلَا دِينٍ، وَلَكِنِّي أَكْرَهُ الْكُفْرَ فِي الْإِسْلَامِ». فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «أَتَرُدِّينَ عَلَيْهِ حَدِيقَتَهُ؟» قَالَتْ: «نَعَمْ». قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «اِقْبَلِ الْحَدِيقَةَ وَطَلِّقْهَا تَطْلِيقَةً».

Қазақша аудармасы

Ибн Аббастың (р.а.) айтуынша, Сәбит ибн Қайстың әйелі Пайғамбарға (с.а.с.) келіп: «Уа, Расулалла! Сәбит ибн Қайстың мінезі мен дініне қатысты ешбір мін таға алмаймын. Бірақ мұсылман бола тұра күпірлікке ұрынғым келмейді», – деді. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): «Оның бағын өзіне қайтарасың ба?» – деп сұрады. Ол: «Иә», – деді. Алла Елшісі (с.а.с.) Сәбитке: «Бақты қабыл ал да, оған бір талақ бер», – деді.