Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 1876

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
66. Неке кітабыكِتَابُ النِّكَاحِ
бап
28. Сапарға шыққысы келгенде әйелдерінің арасында жеребе тастау туралыبَابُ الْقُرْعَةِ بَيْنَ النِّسَاءِ إِذَا أَرَادَ سَفَرًا
Нөмірі
№ 1876 (Мухтасар реті) · Сахих: № 5211
1876
Бұхари, № 1876 · Сахих: 5211Риуаят етуші: Айша

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ كَانَ إِذَا خَرَجَ أَقْرَعَ بَيْنَ نِسَائِهِ، فَطَارَتِ الْقُرْعَةُ لِعَائِشَةَ وَحَفْصَةَ، وَكَانَ النَّبِيُّ ﷺ إِذَا كَانَ بِاللَّيْلِ سَارَ مَعَ عَائِشَةَ يَتَحَدَّثُ، فَقَالَتْ حَفْصَةُ: «أَلَا تَرْكَبِينَ اللَّيْلَةَ بَعِيرِي وَأَرْكَبُ بَعِيرَكِ، تَنْظُرِينَ وَأَنْظُرُ؟» فَقَالَتْ: «بَلَى». فَرَكِبَتْ، فَجَاءَ النَّبِيُّ ﷺ إِلَى جَمَلِ عَائِشَةَ وَعَلَيْهِ حَفْصَةُ، فَسَلَّمَ عَلَيْهَا، ثُمَّ سَارَ حَتَّى نَزَلَ، وَافْتَقَدَتْهُ عَائِشَةُ، فَلَمَّا نَزَلُوا جَعَلَتْ رِجْلَهَا بَيْنَ الْإِذْخِرِ، وَتَقُولُ: «يَا رَبِّ، سَلِّطْ عَلَيَّ عَقْرَبًا أَوْ حَيَّةً تَلْدَغُنِي، وَلَا أَسْتَطِيعُ أَنْ أَقُولَ لَهُ شَيْئًا».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай деген: «Пайғамбар (с.а.с.) сапарға шыққанда әйелдерінің арасында жеребе тастайтын еді. Бір жолы жеребе Айша мен Хафсаға түсті. Пайғамбар (с.а.с.) түнде жол жүрген кезде Айшамен бірге жүріп, әңгімелесетін еді. Сонда Хафса Айшаға: “Бүгін түнде сен менің түйеме мініп, мен сенің түйеңе мінейін. Сен де айналаға қара, мен де қарайын”, – деді. Айша (р.а.): “Жарайды”, – деді де, Хафсаның түйесіне мінді.

Пайғамбар (с.а.с.) Айшаның түйесіне келсе, үстінде Хафса отыр екен. Ол (с.а.с.) оған сәлем беріп, аялдағанша жол жүрді. Айша Пайғамбарды (с.а.с.) қасынан іздеп, таппады. Олар аялдаған соң, ол аяқтарын изхир шөптерінің арасына салып: “Уа, Раббым! Маған бір сарышаянды немесе жыланды жіберіп, шақтыра гөр. Мен оған еш нәрсе айта алмаймын”, – деп отырды».