Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 1866

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
66. Неке кітабыكِتَابُ النِّكَاحِ
бап
18. Некеде рұқсат етілмейтін шарттар туралыبَابُ الشُّرُوطِ الَّتِي لَا تَحِلُّ فِي النِّكَاحِ
Нөмірі
№ 1866 (Мухтасар реті) · Сахих: № 5152
1866
Бұхари, № 1866 · Сахих: 5152Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «لَا يَحِلُّ لِامْرَأَةٍ تَسْأَلُ طَلَاقَ أُخْتِهَا لِتَسْتَفْرِغَ صَحْفَتَهَا؛ فَإِنَّمَا لَهَا مَا قُدِّرَ لَهَا».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.) былай дегенін жеткізді: «Әйелге діндес әйелдің несібесін өзі иелену үшін оның талақ етілуін талап етуге болмайды. Өйткені оған тағдырында белгіленгені ғана тиесілі».