Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 1864

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
66. Неке кітабыكِتَابُ النِّكَاحِ
бап
16. Әкесі қызын оның келісімінсіз некелестірсе, некенің күші жойылатыны туралыبَابُ إِذَا زَوَّجَ ابْنَتَهُ وَهِيَ كَارِهَةٌ فَنِكَاحُهُ مَرْدُودٌ
Нөмірі
№ 1864 (Мухтасар реті) · Сахих: № 5138
1864
Бұхари, № 1864 · Сахих: 5138

عَنْ خَنْسَاءَ بِنْتِ خِذَامٍ الْأَنْصَارِيَّةِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا أَنَّ أَبَاهَا زَوَّجَهَا وَهِيَ ثَيِّبٌ فَكَرِهَتْ ذَلِكَ، فَأَتَتْ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ فَرَدَّ نِكَاحَهُ.

Қазақша аудармасы

Ханса бинт Хизам әл-Ансария (р.а.) былай жеткізді: Ханса бұрын тұрмыста болған әйел еді. Әкесі оны некелеп берді, бірақ ол бұған разы болмады. Содан кейін ол Алла Елшісіне (с.а.с.) келді. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.) әкесі қидырған некенің күшін жойды.