عَنْ مَعْقِلِ بْنِ يَسَارٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «زَوَّجْتُ أُخْتًا لِي مِنْ رَجُلٍ فَطَلَّقَهَا، حَتَّى إِذَا اِنْقَضَتْ عِدَّتُهَا جَاءَ يَخْطُبُهَا، فَقُلْتُ لَهُ: “زَوَّجْتُكَ وَفَرَشْتُكَ وَأَكْرَمْتُكَ، فَطَلَّقْتَهَا، ثُمَّ جِئْتَ تَخْطُبُهَا؟ لَا وَاللَّهِ، لَا تَعُودُ إِلَيْكَ أَبَدًا”. وَكَانَ رَجُلًا لَا بَأْسَ بِهِ، وَكَانَتِ الْمَرْأَةُ تُرِيدُ أَنْ تَرْجِعَ إِلَيْهِ، فَأَنْزَلَ اللَّهُ هَذِهِ الْآيَةَ: ﴿فَلَا تَعْضُلُوهُنَّ﴾ [الْبَقَرَةِ: 232]، فَقُلْتُ: “الْآنَ أَفْعَلُ، يَا رَسُولَ اللَّهِ”». قَالَ: فَزَوَّجَهَا إِيَّاهُ.
Мағқил ибн Ясар (р.а.) былай деді: «Мен қарындастарымның бірін бір адамға некелеп бердім. Кейін ол оны талақ етті. Әйелдің идда мерзімі аяқталған соң, әлгі адам оған қайтадан құда түсіп келді. Сонда мен: “Мен оны саған некелеп бердім, саған жар еттім әрі сені құрметтедім. Ал сен оны талақ еттің. Енді қайтадан оған құда түсіп келдің бе?! Жоқ, Аллаға ант етемін, ол саған енді ешқашан қайтып бармайды”, – дедім. Ол жаман адам емес еді әрі әйел де оған қайта оралғысы келетін. Сонда Алла: “Әйелдерге бұрынғы күйеулерімен қайта некелесуіне кедергі болмаңдар” («Бақара», 232-аят) деген аятты түсірді. Мен: “Енді бұл әмірді орындаймын, уа, Расулалла!” – дедім». Сөйтіп, Мағқил оны әлгі адамға қайтадан некелеп берді.