Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 1859

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
66. Неке кітабыكِتَابُ النِّكَاحِ
бап
12. Әйелдің өзін ізгі ер адамға некеге ұсынуы туралыبَابُ عَرْضِ الْمَرْأَةِ نَفْسَهَا عَلَى الرَّجُلِ الصَّالِحِ
Нөмірі
№ 1859 (Мухтасар реті) · Сахих: № 5121
1859
Бұхари, № 1859 · Сахих: 5121Риуаят етуші: Сәһл ибн Сағд

عَنْ سَهْلِ بْنِ سَعْدٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ امْرَأَةً عَرَضَتْ نَفْسَهَا عَلَى النَّبِيِّ ﷺ فَقَالَ لَهُ رَجُلٌ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، زَوِّجْنِيهَا». فَقَالَ: «مَا عِنْدَكَ؟» قَالَ: «مَا عِنْدِي شَيْءٌ». قَالَ: «اِذْهَبْ فَالْتَمِسْ وَلَوْ خَاتَمًا مِنْ حَدِيدٍ». فَذَهَبَ ثُمَّ رَجَعَ فَقَالَ: «لَا وَاللَّهِ، مَا وَجَدْتُ شَيْئًا وَلَا خَاتَمًا مِنْ حَدِيدٍ، وَلَكِنْ هَذَا إِزَارِي وَلَهَا نِصْفُهُ» – قَالَ سَهْلٌ: وَمَا لَهُ رِدَاءٌ – فَقَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «وَمَا تَصْنَعُ بِإِزَارِكَ؟ إِنْ لَبِسْتَهُ لَمْ يَكُنْ عَلَيْهَا مِنْهُ شَيْءٌ، وَإِنْ لَبِسَتْهُ لَمْ يَكُنْ عَلَيْكَ مِنْهُ شَيْءٌ». فَجَلَسَ الرَّجُلُ حَتَّى إِذَا طَالَ مَجْلِسُهُ قَامَ، فَرَآهُ النَّبِيُّ ﷺ فَدَعَاهُ أَوْ دُعِيَ لَهُ، فَقَالَ لَهُ: «مَاذَا مَعَكَ مِنَ الْقُرْآنِ؟» فَقَالَ: «مَعِي سُورَةُ كَذَا وَسُورَةُ كَذَا» – لِسُوَرٍ يُعَدِّدُهَا – فَقَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «أَمْلَكْنَاكَهَا بِمَا مَعَكَ مِنَ الْقُرْآنِ».

Қазақша аудармасы

Сәһл ибн Сағд (р.а.) былай деп жеткізді: «Бір әйел өзін Пайғамбарға (с.а.с.) некеге ұсынды. Сонда бір ер адам: “Уа, Расулалла! Оны маған некелеп беріңіз”, – деді. Ол (с.а.с.): “Сенде не бар?” – деп сұрады. Әлгі адам: “Менде еш нәрсе жоқ”, – деді. Ол (с.а.с.): “Бар да, темір жүзік болса да тауып кел”, – деді. Ол барып, қайта оралды да: “Аллаға ант етемін, еш нәрсе, тіпті темір жүзік те таба алмадым. Бірақ мына изарым бар, соның жартысын оған беремін”, – деді».

Сәһл (р.а.): «Оның үстіңгі жамылғысы жоқ еді», – деді.

Сәһл сөзін жалғап: «Сонда Пайғамбар (с.а.с.): “Изарыңмен не істемексің? Егер оны өзің кисең, оған еш нәрсе қалмайды, ал егер ол кисе, саған еш нәрсе қалмайды”, – деді. Әлгі адам отырды. Ұзақ отырғаннан кейін орнынан тұрып, кетпек болды. Пайғамбар (с.а.с.) оны көріп, шақырды немесе шақыртып алды да: “Құраннан не білесің?” – деп сұрады. Ол: “Пәлен сүрені, түген сүрені білемін”, – деп бірнеше сүрені атады. Сонда Пайғамбар (с.а.с.): “Құраннан білетініңнің есесіне оны саған некеледік”, – деді».