Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 1801

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
63. Құран тәпсірі кітабыكِتَابُ التَّفْسِيرِ
бап
69. Алла Тағаланың: «Менің дұшпандарымды да, өз дұшпандарыңды да дос тұтпаңдар!» («Мумтахана», 1‑аят) деген сөзі туралыبَابُ قَوْلِهِ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿لَا تَتَّخِذُوا عَدُوِّي وَعَدُوَّكُمْ أَوْلِيَاءَ﴾ [الْمُمْتَحَنَةِ: 1]
Нөмірі
№ 1801 (Мухтасар реті) · Сахих: № 4890
1801
Бұхари, № 1801 · Сахих: 4890Риуаят етуші: Әли

عَنْ عَلِيٍّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «بَعَثَنِي رَسُولُ اللَّهِ ﷺ أَنَا وَالزُّبَيْرَ وَالْمِقْدَادَ». فَذَكَرَ حَدِيثَ حَاطِبِ بْنِ أَبِي بَلْتَعَةَ، وَقَالَ فِي آخِرِهِ: نَزَلَتْ فِيهِ: ﴿يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا لَا تَتَّخِذُوا عَدُوِّي وَعَدُوَّكُمْ أَوْلِيَاءَ﴾.

Қазақша аудармасы

Әли (р.а.): «Алла Елшісі (с.а.с.) мені, Зубәйрді және Миқдадты жіберді», – деп, Хатиб ибн Әбу Балтаға туралы хадисті баяндаған. Оның соңында: «Осыған байланысты “Уа, иман келтіргендер! Менің дұшпандарымды да, өз дұшпандарыңды да дос тұтпаңдар!” («Мумтахана», 1‑аят) деген аят түсті», – деген.