Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 1796

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
63. Құран тәпсірі кітабыكِتَابُ التَّفْسِيرِ
бап
64. Алла Тағаланың: «Тур тауына серт! Жазылған Кітапқа серт!» («Тур», 1–2‑аяттар) деген сөзі туралыبَابُ قَوْلِهِ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿وَالطُّورِ﴾ ﴿وَكِتَابٍ مَسْطُورٍ﴾ [الطُّورِ: ‎1⁠–⁠2‎]
Нөмірі
№ 1796 (Мухтасар реті) · Сахих: № 4854
1796
Бұхари, № 1796 · Сахих: 4854Риуаят етуші: Жубәйр ибн Мутғим

عَنْ جُبَيْرِ بْنِ مُطْعِمٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «سَمِعْتُ النَّبِيَّ ﷺ يَقْرَأُ فِي الْمَغْرِبِ بِالطُّورِ، فَلَمَّا بَلَغَ هَذِهِ الْآيَةَ: ﴿أَمْ خُلِقُوا مِنْ غَيْرِ شَيْءٍ أَمْ هُمُ الْخَالِقُونَ﴾ ﴿أَمْ خَلَقُوا السَّمَوَاتِ وَالْأَرْضَ بَلْ لَا يُوقِنُونَ﴾ ﴿أَمْ عِنْدَهُمْ خَزَائِنُ رَبِّكَ أَمْ هُمُ الْمُصَيْطِرُونَ﴾ [الطُّورِ: ‎35⁠–⁠37‎]، كَادَ قَلْبِي أَنْ يَطِيرَ».

Қазақша аудармасы

Жубәйр ибн Мутғим (р.а.) былай деді: «Пайғамбардың (с.а.с.) ақшам намазында “Тур” сүресін оқығанын естідім. Ол: “Әлде олар еш нәрсенің қатысынсыз, өз-өздерінен жаралды ма?! Жоқ әлде олар өздерін Жаратушы ма?! Әлде жеті қат көк пен жерді солар жаратты ма?! Жо-жоқ, расында, олар анық көз жеткізіп иланбайды. Жоқ әлде Раббыңның қазыналары солардың құзырында ма еді?! Әлде күллі ғаламды билеп-төстеушілер солар ма?” («Тур», 35-37‑аяттар) деген аяттарға жеткенде, жүрегім ұшып кете жаздады».