Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 1781

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
63. Құран тәпсірі кітабыكِتَابُ التَّفْسِيرِ
бап
51. Алла Тағаланың: «Расында, Алла пайғамбарға үнемі шексіз нығметі мен рақымын төгіп, күннен күнге мерейін өсіруде. Ал Оның періштелері болса, ол үшін үнемі игі тілек тілеп, дұға етуде» деп басталатын аяты туралы («Ахзаб», 56‑аят)بَابُ قَوْلِهِ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿إِنَّ اللَّهَ وَمَلَائِكَتَهُ يُصَلُّونَ عَلَى النَّبِيِّ﴾ الْآيَةَ [الْأَحْزَابِ: 56]
Нөмірі
№ 1781 (Мухтасар реті) · Сахих: № 4798
1781
Бұхари, № 1781 · Сахих: 4798Риуаят етуші: Әбу Сағид

عَنْ أَبِي سَعِيدٍ الْخُدْرِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قُلْنَا: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، هَذَا التَّسْلِيمُ، فَكَيْفَ نُصَلِّي عَلَيْكَ؟» قَالَ: «قُولُوا: “اللَّهُمَّ صَلِّ عَلَى مُحَمَّدٍ عَبْدِكَ وَرَسُولِكَ، كَمَا صَلَّيْتَ عَلَى آلِ إِبْرَاهِيمَ، وَبَارِكْ عَلَى مُحَمَّدٍ، وَعَلَى آلِ مُحَمَّدٍ، كَمَا بَارَكْتَ عَلَى إِبْرَاهِيمَ”».

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид әл-Худри (р.а.) былай деді: «Біз: “Уа, Расулалла! Сәлем беру осы екен, ал сізге қалай салауат айтамыз?” – деп сұрадық. Пайғамбар (с.а.с.): “Мынадай салауат айтыңдар: ‘Уа, Алла! Ибраһимнің әулетіне салауат еткеніңдей, құлың әрі елшің Мұхаммедке де салауат ете гөр. Мұхаммедке және Мұхаммедтің әулетіне, Ибраһимге береке бергеніңдей, береке бере гөр’”, – деді».