Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 1767

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
63. Құран тәпсірі кітабыكِتَابُ التَّفْسِيرِ
бап
39. Алла Тағаланың: «Сонда Раббыңның сені “Мақам Махмудқа” шығаратындығынан үміт ете аласың» («Исра», 79‑аят) деген сөзі туралыبَابُ قَوْلِهِ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿عَسَى أَنْ يَبْعَثَكَ رَبُّكَ مَقَامًا مَحْمُودًا﴾ [الْإِسْرَاءِ: 79]
Нөмірі
№ 1767 (Мухтасар реті) · Сахих: № 4718
1767
Бұхари, № 1767 · Сахих: 4718Риуаят етуші: Ибн Омар

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «إِنَّ النَّاسَ يَصِيرُونَ يَوْمَ الْقِيَامَةِ جُثًا، كُلُّ أُمَّةٍ تَتْبَعُ نَبِيَّهَا، يَقُولُونَ: “يَا فُلَانُ، اِشْفَعْ، يَا فُلَانُ، اِشْفَعْ”، حَتَّى تَنْتَهِيَ الشَّفَاعَةُ إِلَى النَّبِيِّ ﷺ، فَذَلِكَ يَوْمَ يَبْعَثُهُ اللَّهُ الْمَقَامَ الْمَحْمُودَ».

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.) былай деген: «Қиямет күні адамдар тізерлеп отырады. Әрбір үмбет өз пайғамбарына еріп: “Уа, пәленше! Бізге шапағат ет! Уа, пәленше! Бізге шапағат ет!” – дейді. Ақырында шапағат ету кезегі Пайғамбарға (с.а.с.) жетеді. Міне, сол күні Алла оны мақтаулы дәрежеге көтереді».