Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 1757

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
63. Құран тәпсірі кітабыكِتَابُ التَّفْسِيرِ
бап
29. Алла Тағаланың: «Міне, осы таңдаулы тұлғалар – Алланың тура жолға салған құлдары. Ендеше, сен де солардың тура жолына түс» деген сөзі туралы («Әнғам», 90‑аят)بَابُ قَوْلِهِ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿أُولَئِكَ الَّذِينَ هَدَى اللَّهُ فَبِهُدَاهُمُ اِقْتَدِهْ﴾ [الْأَنْعَامِ: 90]
Нөмірі
№ 1757 (Мухтасар реті) · Сахих: № 4632
1757
Бұхари, № 1757 · Сахих: 4632Риуаят етуші: Ибн Аббас

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّهُ سُئِلَ: «أَفِي ﴿صٓ﴾ سَجْدَةٌ؟» فَقَالَ: «نَعَمْ». ثُمَّ تَلَا: ﴿وَوَهَبْنَا﴾ إِلَى قَوْلِهِ: ﴿فَبِهُدَاهُمُ اِقْتَدِهْ﴾ [الْأَنْعَامِ: ‎84–90‎]، ثُمَّ قَالَ: «نَبِيُّكُمْ ﷺ مِمَّنْ أُمِرَ أَنْ يَقْتَدِيَ بِهِمْ».

Қазақша аудармасы

Ибн Аббастан (р.а.): «“Сад” сүресінде сәжде аяты бар ма?» – деп сұралғанда, ол: «Иә», – деп жауап берді. Содан кейін «Кейін Ибраһимге Исхақ пен Яқубты нәсіп еттік» («Әнғам», 84‑аят) дегеннен бастап, «Ендеше, сен де солардың тура жолына түс» («Әнғам», 90‑аят) деген сөзге дейін оқыды да: «Сендердің Пайғамбарларың (с.а.с.) да солардың жолына еруге бұйырылғандардың қатарында», – деді.