Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 1749

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
63. Құран тәпсірі кітабыكِتَابُ التَّفْسِيرِ
бап
22. Ұлы әрі Үстем Алланың: «Өлім періштелері өз-өздеріне қиянат жасағандардың жанын аларда...» деп басталатын аяты туралы («Ниса», 97-аят)بَابُ قَوْلِهِ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿إِنَّ الَّذِينَ تَوَفَّاهُمُ الْمَلَائِكَةُ ظَالِمِي أَنْفُسِهِمْ﴾ الْآيَةَ [النِّسَاءِ: 97]
Нөмірі
№ 1749 (Мухтасар реті) · Сахих: № 4596
1749
Бұхари, № 1749 · Сахих: 4596Риуаят етуші: Ибн Аббас

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّ نَاسًا مِنَ الْمُسْلِمِينَ كَانُوا مَعَ الْمُشْرِكِينَ يُكَثِّرُونَ سَوَادَهُمْ عَلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، يَأْتِي السَّهْمُ فَيُرْمَى بِهِ فَيُصِيبُ أَحَدَهُمْ فَيَقْتُلُهُ، فَأَنْزَلَ اللَّهُ: ﴿إِنَّ الَّذِينَ تَوَفَّاهُمُ الْمَلَائِكَةُ ظَالِمِي أَنْفُسِهِمْ﴾ الْآيَةَ [النِّسَاءِ: 97].

Қазақша аудармасы

Ибн Аббастан (р.а.): «Кейбір мұсылмандар мүшріктермен бірге болып, Алла Елшісіне (с.а.с.) қарсы олардың қарасын көбейтетін еді. Кейде атылған жебе солардың біріне тиіп, оны мерт ететін. Сонда Алла: “Өлім періштелері өз-өздеріне қиянат жасағандардың жанын аларда...” («Ниса», 97-аят) деп басталатын аятты түсірді», – деп жеткізілді.