Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 1745

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
63. Құран тәпсірі кітабыكِتَابُ التَّفْسِيرِ
бап
18. Ұлы әрі Үстем Алланың: «Қамқорлықтарыңа алған жетімдерге әділ бола алмаудан қорықсаңдар...» («Ниса», 3-аят) деген сөзі туралыبَابُ قَوْلِهِ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿وَإِنْ خِفْتُمْ أَلَّا تُقْسِطُوا فِي الْيَتَامَى﴾ [النِّسَاءِ: 3]
Нөмірі
№ 1745 (Мухтасар реті) · Сахих: № 4574
1745
Бұхари, № 1745 · Сахих: 4574Риуаят етуші: Айша

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا أَنَّهَا سَأَلَهَا عُرْوَةُ عَنْ قَوْلِ اللَّهِ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿وَإِنْ خِفْتُمْ أَلَّا تُقْسِطُوا فِي الْيَتَامَى﴾ فَقَالَتْ: «يَا ابْنَ أُخْتِي، هَذِهِ الْيَتِيمَةُ تَكُونُ فِي حَجْرِ وَلِيِّهَا، تَشْرَكُهُ فِي مَالِهِ، وَيُعْجِبُهُ مَالُهَا وَجَمَالُهَا، فَيُرِيدُ وَلِيُّهَا أَنْ يَتَزَوَّجَهَا بِغَيْرِ أَنْ يُقْسِطَ فِي صَدَاقِهَا، فَيُعْطِيَهَا مِثْلَ مَا يُعْطِيهَا غَيْرُهُ، فَنُهُوا عَنْ أَنْ يَنْكِحُوهُنَّ إِلَّا أَنْ يُقْسِطُوا لَهُنَّ، وَيَبْلُغُوا لَهُنَّ أَعْلَى سُنَّتِهِنَّ فِي الصَّدَاقِ، فَأُمِرُوا أَنْ يَنْكِحُوا مَا طَابَ لَهُمْ مِنَ النِّسَاءِ سِوَاهُنَّ». قَالَتْ عَائِشَةُ: «وَإِنَّ النَّاسَ اِسْتَفْتَوْا رَسُولَ اللَّهِ ﷺ بَعْدَ هَذِهِ الْآيَةِ، فَأَنْزَلَ اللَّهُ: ﴿وَيَسْتَفْتُونَكَ فِي النِّسَاءِ﴾ [النِّسَاءِ: 127]». قَالَتْ عَائِشَةُ: «وَقَوْلُ اللَّهِ تَعَالَى فِي آيَةٍ أُخْرَى: ﴿وَتَرْغَبُونَ أَنْ تَنْكِحُوهُنَّ﴾ [النِّسَاءِ: 127]: رَغْبَةُ أَحَدِكُمْ عَنْ يَتِيمَتِهِ، حِينَ تَكُونُ قَلِيلَةَ الْمَالِ وَالْجَمَالِ». قَالَتْ: «فَنُهُوا أَنْ يَنْكِحُوا مَنْ رَغِبُوا فِي مَالِهِ وَجَمَالِهِ فِي يَتَامَى النِّسَاءِ إِلَّا بِالْقِسْطِ، مِنْ أَجْلِ رَغْبَتِهِمْ عَنْهُنَّ إِذَا كُنَّ قَلِيلَاتِ الْمَالِ وَالْجَمَالِ».

Қазақша аудармасы

Айшадан (р.а.) жеткен риуаятта Ұруаның одан Ұлы әрі Үстем Алланың: «Қамқорлықтарыңа алған жетімдерге әділ бола алмаудан қорықсаңдар...» («Ниса», 3-аят) деген сөзі туралы сұрағаны айтылады. Сонда Айша: «Уа, әпкемнің ұлы! Бұл – қамқоршысының қолында тұрып, оның мал-мүлкіне ортақтас болған жетім қыз. Қамқоршыға қыздың мал-мүлкі мен сұлулығы ұнайды да, оған басқа біреу беретіндей мәһір беріп, әділдік жасамастан, өзі үйленгісі келеді. Сондықтан мұндай жетім қыздарға әділдік жасап, оларға әдетте берілетін мәһірдің ең жоғарғы мөлшерін бермейінше, оларға үйленуге тыйым салынды. Оларға жетім қыздардан өзге, өздеріне ұнаған әйелдерге үйлену бұйырылды», – деді.

Айша былай деді: «Осы аяттан кейін адамдар Алла Елшісінен (с.а.с.) пәтуа сұрады. Сонда Алла: “Олар сенен әйелдер жайлы пәтуа сұрайды” («Ниса», 127-аят) деген аятты түсірді».

Айша әрі қарай: «Алла Тағаланың басқа бір аяттағы: “Әрі оларға үйленуді қаламайсыңдар” («Ниса», 127-аят) деген сөзі – біріңнің қамқорлығыңдағы жетім қыздың мал-мүлкі аз әрі көркі төмен болған кезде оған үйленуге құлықсыздық танытып, одан теріс айналуыңды білдіреді», – деді.

Айша: «Сондықтан мал-мүлкі мен сұлулығына қызыққан жетім қыздарға, мал-мүлкі аз әрі көркі төмен жетімдерден теріс айналғандары себепті, әділдік жасамайынша үйленуге тыйым салынды», – деді.