Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 1743

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
63. Құран тәпсірі кітабыكِتَابُ التَّفْسِيرِ
бап
17. Ұлы әрі Үстем Алланың: «Істеген жағымсыз істеріне мәз болғандарды...» деп басталатын аяты туралы («Әли Имран», 188-аят)بَابُ قَوْلِهِ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿لَا تَحْسَبَنَّ الَّذِينَ يَفْرَحُونَ بِمَا أَتَوْا﴾ [آلِ عِمْرَانَ: 188]
Нөмірі
№ 1743 (Мухтасар реті) · Сахих: № 4567
1743
Бұхари, № 1743 · Сахих: 4567Риуаят етуші: Әбу Сағид

عَنْ أَبِي سَعِيدٍ الْخُدْرِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ رِجَالًا مِنَ الْمُنَافِقِينَ عَلَى عَهْدِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ كَانَ إِذَا خَرَجَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ إِلَى الْغَزْوِ تَخَلَّفُوا عَنْهُ، وَفَرِحُوا بِمَقْعَدِهِمْ خِلَافَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَإِذَا قَدِمَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ اِعْتَذَرُوا إِلَيْهِ وَحَلَفُوا، وَأَحَبُّوا أَنْ يُحْمَدُوا بِمَا لَمْ يَفْعَلُوا، فَنَزَلَتْ هَذِهِ الْآيَةُ فِيهِمْ.

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид әл-Худри (р.а.) былай жеткізді: «Алла Елшісінің (с.а.с.) заманында кейбір мұнафықтар Алла Елшісі (с.а.с.) жорыққа шыққанда онымен бірге бармай, артта қалатын әрі Алла Елшісіне (с.а.с.) ермей қалғандарына қуанатын. Алла Елшісі (с.а.с.) қайтып келгенде, олар түрлі сылтау айтып, ант ішетін және өздері істемеген істері үшін мақталғанды ұнататын. Сонда олар жайында осы аят түсті».