Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 1741

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
63. Құран тәпсірі кітабыكِتَابُ التَّفْسِيرِ
бап
15. Ұлы әрі Үстем Алланың: «Дұшпандарың сендерге қарсы қол жинады» («Әли Имран», 173-аят) деп басталатын аяты туралыبَابُ قَوْلِهِ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿إِنَّ النَّاسَ قَدْ جَمَعُوا لَكُمْ﴾ الْآيَةَ [آلِ عِمْرَانَ: 173]
Нөмірі
№ 1741 (Мухтасар реті) · Сахих: № 4563
1741
Бұхари, № 1741 · Сахих: 4563Риуаят етуші: Ибн Аббас

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: ﴿حَسْبُنَا اللَّهُ وَنِعْمَ الْوَكِيلُ﴾ قَالَهَا إِبْرَاهِيمُ عَلَيْهِ السَّلَامُ حِينَ أُلْقِيَ فِي النَّارِ، وَقَالَهَا مُحَمَّدٌ ﷺ حِينَ قَالُوا: ﴿إِنَّ النَّاسَ قَدْ جَمَعُوا لَكُمْ فَاخْشَوْهُمْ فَزَادَهُمْ إِيمَانًا وَقَالُوا حَسْبُنَا اللَّهُ وَنِعْمَ الْوَكِيلُ﴾ [آلِ عِمْرَانَ: 173].

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) былай деді: «“Бізге бір Алла жетеді. Ол қандай керемет қамқоршы!” деген сөзді Ибраһим (а.с.) отқа тасталған кезде айтқан. Мұхаммед (с.а.с.) те осы сөзді жұрт: “Дұшпандарың сендерге қарсы қол жинады, ендеше, олардан қорқыңдар”, – дегенде айтқан. Аятта: “Бұл хабар олардың иманын одан сайын арттыра түсті. Сонда олар: ‘Бізге бір Алла жетеді. Ол қандай керемет қамқоршы!’ – деп жауап берді” («Әли Имран», 173-аят), – делінген».