Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 1736

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
63. Құран тәпсірі кітабыكِتَابُ التَّفْسِيرِ
бап
10. Алла Тағаланың: «Адамдар лек-легімен ағылған жерден сендер де ағылыңдар» деген сөзі туралы («Бақара», 199-аят)بَابُ قَوْلِهِ تَعَالَى: ﴿ثُمَّ أَفِيضُوا مِنْ حَيْثُ أَفَاضَ النَّاسُ﴾ [الْبَقَرَةِ: 199]
Нөмірі
№ 1736 (Мухтасар реті) · Сахих: № 4520
1736
Бұхари, № 1736 · Сахих: 4520Риуаят етуші: Айша

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: كَانَتْ قُرَيْشٌ وَمَنْ دَانَ دِينَهَا يَقِفُونَ بِالْمُزْدَلِفَةِ، وَكَانُوا يُسَمَّوْنَ الْحُمْسَ، وَكَانَ سَائِرُ الْعَرَبِ يَقِفُونَ بِعَرَفَاتٍ. فَلَمَّا جَاءَ الْإِسْلَامُ أَمَرَ اللَّهُ نَبِيَّهُ ﷺ أَنْ يَأْتِيَ عَرَفَاتٍ، ثُمَّ يَقِفَ بِهَا، ثُمَّ يُفِيضَ مِنْهَا، فَذَلِكَ قَوْلُهُ تَعَالَى: ﴿ثُمَّ أَفِيضُوا مِنْ حَيْثُ أَفَاضَ النَّاسُ﴾ [الْبَقَرَةِ: 199].

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай деді: «Құрайыш пен олардың дінін ұстанғандар Муздалифада аялдайтын. Оларды “хумс” деп атайтын. Ал өзге арабтар Арафатта аялдайтын. Ислам келген кезде Алла Өз Пайғамбарына (с.а.с.) Арафатқа барып, сонда аялдауды, содан кейін сол жерден ағылып қайтуды бұйырды. Алла Тағаланың: “Адамдар лек-легімен ағылған жерден сендер де ағылыңдар” («Бақара», 199-аят) деген сөзі осы».