Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 1728

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
63. Құран тәпсірі кітабыكِتَابُ التَّفْسِيرِ
бап
2. Ұлы әрі Үстем Алланың: «Осының бәрін біле тұра, Аллаға өзгелерді тең көріп, серік қоспаңдар» деген сөзі туралы («Бақара», 22-аят)بَابُ قَوْلِهِ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿فَلَا تَجْعَلُوا لِلَّهِ أَنْدَادًا وَأَنْتُمْ تَعْلَمُونَ﴾ [الْبَقَرَةِ: 22]
Нөмірі
№ 1728 (Мухтасар реті) · Сахих: № 4477
1728
Бұхари, № 1728 · Сахих: 4477

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: سَأَلْتُ النَّبِيَّ ﷺ: «أَيُّ الذَّنْبِ أَعْظَمُ عِنْدَ اللَّهِ؟» قَالَ: «أَنْ تَجْعَلَ لِلَّهِ نِدًّا وَهُوَ خَلَقَكَ». قُلْتُ: «إِنَّ ذَلِكَ لَعَظِيمٌ». قُلْتُ: «ثُمَّ أَيٌّ؟» قَالَ: «وَأَنْ تَقْتُلَ وَلَدَكَ تَخَافُ أَنْ يَطْعَمَ مَعَكَ». قُلْتُ: «ثُمَّ أَيٌّ؟» قَالَ: «أَنْ تُزَانِيَ حَلِيلَةَ جَارِكَ».

Қазақша аудармасы

Абдулла (р.а.) былай деді: «Мен Пайғамбардан (с.а.с.): “Алланың алдында ең үлкен күнә қайсы?” – деп сұрадым. Ол: “Сені жаратқан Аллаға біреуді теңдес етуің”, – деді. Мен: “Расында, бұл өте үлкен күнә екен”, – дедім де: “Одан кейін қайсысы?” – деп сұрадым. Ол: “Өзіңмен бірге тамақ жейді деп қорқып, балаңды өлтіруің”, – деді. Мен: “Одан кейін қайсысы?” – деп сұрадым. Ол: “Көршіңнің әйелімен зина жасауың”, – деді».