Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 1721

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
62. Жорықтар туралы кітапكِتَابُ الْمَغَازِي
бап
48. Пайғамбардың (с.а.с.) науқастануы және қайтыс болуы туралыبَابُ مَرَضِ النَّبِيِّ ﷺ وَوَفَاتِهِ
Нөмірі
№ 1721 (Мухтасар реті) · Сахих: № 4446
1721
Бұхари, № 1721 · Сахих: 4446Риуаят етуші: Айша

وَعَنْهَا رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا فِي رِوَايَةٍ قَالَتْ: مَاتَ النَّبِيُّ ﷺ وَإِنَّهُ لَبَيْنَ حَاقِنَتِي وَذَاقِنَتِي، فَلَا أَكْرَهُ شِدَّةَ الْمَوْتِ لِأَحَدٍ أَبَدًا بَعْدَ النَّبِيِّ ﷺ.

Қазақша аудармасы

Одан (р.а.) жеткен бір риуаятта былай делінген: «Алла Елшісі (с.а.с.) менің кеудем мен иегімнің арасында жатқан күйінде дүние салды. Сондықтан Алла Елшісінен (с.а.с.) кейін ешкімнің жан тапсырардағы ауыр қиналысын жамандық деп санамаймын».