Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 1719

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
62. Жорықтар туралы кітапكِتَابُ الْمَغَازِي
бап
48. Пайғамбардың (с.а.с.) науқастануы және қайтыс болуы туралыبَابُ مَرَضِ النَّبِيِّ ﷺ وَوَفَاتِهِ
Нөмірі
№ 1719 (Мухтасар реті) · Сахих: № 4439
1719
Бұхари, № 1719 · Сахих: 4439Риуаят етуші: Айша

وَعَنْهَا رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ كَانَ إِذَا اِشْتَكَى نَفَثَ عَلَى نَفْسِهِ بِالْمُعَوِّذَاتِ، وَمَسَحَ عَنْهُ بِيَدِهِ، فَلَمَّا اِشْتَكَى وَجَعَهُ الَّذِي تُوُفِّيَ فِيهِ طَفِقْتُ أَنْفِثُ عَلَى نَفْسِهِ بِالْمُعَوِّذَاتِ الَّتِي كَانَ يَنْفِثُ، وَأَمْسَحُ بِيَدِ النَّبِيِّ ﷺ عَنْهُ.

Қазақша аудармасы

Одан (р.а.) жеткен хабарда былай делінген: «Алла Елшісі (с.а.с.) сырқаттанған кезде пана тілеу сүрелерін оқып, өзіне дем салатын әрі қолымен денесін сипайтын. Ал дүниеден өтер алдындағы науқасы кезінде мен оның өзі бұрын оқып дем салатын пана тілеу сүрелерін оқып, оған дем сала бастадым әрі оның өз қолымен денесін сипайтын болдым».