Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 1713

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
62. Жорықтар туралы кітапكِتَابُ الْمَغَازِي
бап
45. Тәбук жорығы туралы. Бұл – ауыршылық жорығыبَابُ غَزْوَةِ تَبُوكَ وَهِيَ غَزْوَةُ الْعُسْرَةِ
Нөмірі
№ 1713 (Мухтасар реті) · Сахих: № 4416
1713
Бұхари, № 1713 · Сахих: 4416

عَنْ سَعْدِ بْنِ أَبِي وَقَّاصٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ خَرَجَ إِلَى تَبُوكَ، وَاسْتَخْلَفَ عَلِيًّا رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، فَقَالَ: «أَتُخَلِّفُنِي فِي الصِّبْيَانِ وَالنِّسَاءِ؟» قَالَ: «أَلَا تَرْضَى أَنْ تَكُونَ مِنِّي بِمَنْزِلَةِ هَارُونَ مِنْ مُوسَى، إِلَّا أَنَّهُ لَيْسَ نَبِيٌّ بَعْدِي».

Қазақша аудармасы

Сағд ибн Әбу Уаққас (р.а.): «Алла Елшісі (с.а.с.) Тәбукке аттанып, Әлиді (р.а.) өз орнына қалдырды. Сонда Әли: “Мені балалар мен әйелдердің арасында қалдырып барасыз ба?” – деді. Ол (с.а.с.): “Һарунның Мұса жанындағы мәртебесі қандай болса, сенің де менің жанымдағы мәртебең сондай болғанына разы емессің бе? Алайда менен кейін пайғамбар болмайды”, – деді», – деп жеткізді.