Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 1706

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
62. Жорықтар туралы кітапكِتَابُ الْمَغَازِي
бап
43. Әшғарилер мен Йемен тұрғындарының келуі туралыبَابُ قُدُومِ الْأَشْعَرِيِّينَ وَأَهْلِ الْيَمَنِ
Нөмірі
№ 1706 (Мухтасар реті) · Сахих: № 4385, 4655
1706
Бұхари, № 1706 · Сахих: 4385, 4655Риуаят етуші: Әбу Мұса

عَنْ أَبِي مُوسَى رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: إِنَّا أَتَيْنَا النَّبِيَّ ﷺ نَفَرٌ مِنَ الْأَشْعَرِيِّينَ فَاسْتَحْمَلْنَاهُ، فَأَبَى أَنْ يَحْمِلَنَا، فَاسْتَحْمَلْنَاهُ فَحَلَفَ أَنْ لَا يَحْمِلَنَا.

ثُمَّ لَمْ يَلْبَثِ النَّبِيُّ ﷺ أَنْ أُتِيَ بِنَهْبِ إِبِلٍ، فَأَمَرَ لَنَا بِخَمْسِ ذَوْدٍ، فَلَمَّا قَبَضْنَاهَا قُلْنَا: «تَغَفَّلْنَا النَّبِيَّ ﷺ يَمِينَهُ، لَا نُفْلِحُ بَعْدَهَا أَبَدًا». فَأَتَيْتُهُ، فَقُلْتُ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنَّكَ حَلَفْتَ أَنْ لَا تَحْمِلَنَا وَقَدْ حَمَلْتَنَا؟» قَالَ: «أَجَلْ، وَلَكِنْ لَا أَحْلِفُ عَلَى يَمِينٍ، فَأَرَى غَيْرَهَا خَيْرًا مِنْهَا، إِلَّا أَتَيْتُ الَّذِي هُوَ خَيْرٌ مِنْهَا».

وَفِي رِوَايَةٍ: «وَتَحَلَّلْتُهَا».

Қазақша аудармасы

Әбу Мұса (р.а.) былай деген: «Біз, әшғарилерден бірнеше адам, Пайғамбарға (с.а.с.) келіп, өзімізге мініс беруін сұрадық. Ол бізге мініс беруден бас тартты. Біз тағы да сұрадық. Сонда ол бізге мініс бермейтініне ант етті.

Көп ұзамай Пайғамбарға (с.а.с.) олжадан түскен түйелер әкелінді. Ол бізге бес түйе беруді бұйырды. Біз сол түйелерді алғаннан кейін: “Пайғамбардың (с.а.с.) антын ұмытқанын пайдаланып қалдық. Бұдан кейін ешқашан игілік көрмейміз”, – дестік. Мен оның алдына барып: “Уа, Расулалла! Сіз бізге мініс бермейтініңізге ант еткен едіңіз, алайда бізге мініс бердіңіз”, – дедім. Ол: “Иә. Бірақ мен бір нәрсеге ант етіп, кейін одан да қайырлысын көрсем, міндетті түрде қайырлысын істеймін”, – деді».

Бір риуаятта: «Әрі сол анттың кәффаратын өтеймін», – делінген.