Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 1679

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
62. Жорықтар туралы кітапكِتَابُ الْمَغَازِي
бап
30. Алла Тағаланың Хунейн соғысы жайындағы: «Сол күні қараларыңның көптігіне масаттанған едіңдер» дегеннен «Ғафур, Рахим» дегенге дейінгі сөздері туралы («Тәубе», 25–27-аяттар)إِلَى قَوْلِهِ: ﴿غَفُورٌ رَحِيمٌ﴾ [التَّوْبَةِ: ‎25–27‎]
Нөмірі
№ 1679 (Мухтасар реті) · Сахих: № 4314
1679
Бұхари, № 1679 · Сахих: 4314

بَابُ قَوْلِ اللَّهِ: ﴿وَيَوْمَ حُنَيْنٍ إِذْ أَعْجَبَتْكُمْ كَثْرَتُكُمْ﴾

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ أَبِي أَوْفَى رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّهُ كَانَ بِيَدِهِ ضَرْبَةٌ، قَالَ: ضُرِبْتُهَا مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ يَوْمَ حُنَيْنٍ.

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Әбу Ауфаның (р.а.) қолында жарақаттың ізі бар еді. Ол: «Бұл жараны Алла Елшісімен (с.а.с.) бірге Хунайн күні алдым», – деген.