Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 1677

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
62. Жорықтар туралы кітапكِتَابُ الْمَغَازِي
бап
28. Мекке алынған күні Пайғамбардың (с.а.с.) туды қай жерге тіккені туралыبَابُ أَيْنَ رَكَزَ النَّبِيُّ ﷺ يَوْمَ الْفَتْحِ؟
Нөмірі
№ 1677 (Мухтасар реті) · Сахих: № 4287
1677
Бұхари, № 1677 · Сахих: 4287

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: دَخَلَ النَّبِيُّ ﷺ مَكَّةَ يَوْمَ الْفَتْحِ، وَحَوْلَ الْبَيْتِ سِتُّونَ وَثَلَاثُ مِائَةِ نُصُبٍ، فَجَعَلَ يَطْعُنُهَا بِعُودٍ فِي يَدِهِ، وَيَقُولُ: ﴿جَاءَ الْحَقُّ وَزَهَقَ الْبَاطِلُ﴾ [الْإِسْرَاءِ: 81]، ﴿قُلْ جَاءَ الْحَقُّ وَمَا يُبْدِئُ الْبَاطِلُ وَمَا يُعِيدُ﴾ [سَبَإٍ: 49].

Қазақша аудармасы

Абдулла (р.а.) былай деген: «Пайғамбар (с.а.с.) Мекке алынған күні қалаға кірді. Қағбаның айналасында үш жүз алпыс пұт бар еді. Ол (с.а.с.) қолындағы таяғымен оларды түртіп: “Ақиқат келді, жалған ізім-қайым жоғалды” (“Исра”, 81-аят), “Оларға: ‘Ақиқат келді! Ал жалғанның дәурені тайды, енді жаңғыра да, қайта орала да алмайды!’ – деп айт” (“Сәбә”, 49-аят), – деп айтып жүрді».