Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 1670

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
62. Жорықтар туралы кітапكِتَابُ الْمَغَازِي
бап
25. Шам жеріндегі Мұғта жорығы туралыبَابُ غَزْوَةِ مُؤْتَةَ مِنْ أَرْضِ الشَّأْمِ
Нөмірі
№ 1670 (Мухтасар реті) · Сахих: № 4261
1670
Бұхари, № 1670 · Сахих: 4261Риуаят етуші: Ибн Омар

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: أَمَّرَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ فِي غَزْوَةِ مُؤْتَةَ زَيْدَ بْنَ حَارِثَةَ، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِنْ قُتِلَ زَيْدٌ فَجَعْفَرٌ، وَإِنْ قُتِلَ جَعْفَرٌ فَعَبْدُ اللَّهِ بْنُ رَوَاحَةَ». قَالَ عَبْدُ اللَّهِ: كُنْتُ فِيهِمْ فِي تِلْكَ الْغَزْوَةِ، فَالْتَمَسْنَا جَعْفَرَ بْنَ أَبِي طَالِبٍ فَوَجَدْنَاهُ فِي الْقَتْلَى، وَوَجَدْنَا مَا فِي جَسَدِهِ بِضْعًا وَتِسْعِينَ مِنْ طَعْنَةٍ وَرَمْيَةٍ.

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Омар (р.а.): «Алла Елшісі (с.а.с.) Мұғта жорығында Зәйд ибн Харисаны қолбасшы етіп тағайындап: “Егер Зәйд қаза тапса, оның орнына Жағфар, ал Жағфар қаза тапса, оның орнына Абдулла ибн Рәуаха басшылық етсін”, – деді», – деп жеткізді.

Абдулла сөзін жалғастырып: «Мен сол жорықта олардың арасында едім. Біз Жағфар ибн Әбу Талибті іздеп, оны қаза тапқандардың арасынан таптық. Оның денесінен найза мен жебеден түскен тоқсаннан астам жараны көрдік», – деді.