عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ سَلَامٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «رَأَيْتُ رُؤْيَا عَلَى عَهْدِ النَّبِيِّ ﷺ فَقَصَصْتُهَا عَلَيْهِ، وَرَأَيْتُ كَأَنِّي فِي رَوْضَةٍ – ذَكَرَ مِنْ سَعَتِهَا وَخُضْرَتِهَا – وَسْطَهَا عَمُودٌ مِنْ حَدِيدٍ، أَسْفَلُهُ فِي الْأَرْضِ وَأَعْلَاهُ فِي السَّمَاءِ، فِي أَعْلَاهُ عُرْوَةٌ، فَقِيلَ لَهُ: “اِرْقَهْ”. قُلْتُ: “لَا أَسْتَطِيعُ”. فَأَتَانِي مِنْصَفٌ فَرَفَعَ ثِيَابِي مِنْ خَلْفِي، فَرَقِيتُ حَتَّى كُنْتُ فِي أَعْلَاهَا فَأَخَذْتُ بِالْعُرْوَةِ، فَقِيلَ لَهُ: “اِسْتَمْسِكْ”. فَاسْتَيْقَظْتُ وَإِنَّهَا لَفِي يَدِي.
فَقَصَصْتُهَا عَلَى النَّبِيِّ ﷺ، قَالَ: “تِلْكَ الرَّوْضَةُ الْإِسْلَامُ، وَذَلِكَ الْعَمُودُ عَمُودُ الْإِسْلَامِ، وَتِلْكَ الْعُرْوَةُ عُرْوَةُ الْوُثْقَى، فَأَنْتَ عَلَى الْإِسْلَامِ حَتَّى تَمُوتَ”».
Абдулла ибн Сәләм (р.а.) былай деген: «Пайғамбардың (с.а.с.) заманында бір түс көріп, оны оған айтып бердім. Түсімде кеңдігі мен жасылдығы ерекше бір бақта тұрған екенмін. Оның дәл ортасында темір бағана бар еді. Төменгі ұшы жерде, жоғарғы ұшы аспанда болатын. Ұшар басында бір тұтқа бар еді. Маған: “Жоғары көтеріл”, – делінді. Мен: “Қолымнан келмейді”, – дедім. Сонда бір қызметші келіп, киімімнің арт жағынан көтерді. Мен жоғары өрлеп, бағананың басына жеттім де, әлгі тұтқадан ұстадым. Маған: “Берік ұста”, – делінді. Оянып кеттім. Тұтқа әлі де қолымда еді.
Мен бұл түсімді Пайғамбарға (с.а.с.) айтып бердім. Сонда ол: “Мына бақ – ислам. Әлгі бағана – исламның бағанасы. Ал ана тұтқа – берік тұтқа. Сен өлгенге дейін исламда боласың”, – деді».