Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 1582

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
61. Сахабалардың артықшылықтары туралы кітапكِتَابُ فَضَائِلِ الصَّحَابَةِ
бап
29. Үбәй ибн Кәғбтың (р.а.) артықшылықтары туралыبَابُ مَنَاقِبِ أُبَيِّ بْنِ كَعْبٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ
Нөмірі
№ 1582 (Мухтасар реті) · Сахих: № 3809
1582
Бұхари, № 1582 · Сахих: 3809Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ النَّبِيُّ ﷺ لِأُبَيٍّ: “إِنَّ اللَّهَ أَمَرَنِي أَنْ أَقْرَأَ عَلَيْكَ ﴿لَمْ يَكُنِ الَّذِينَ كَفَرُوا﴾ [الْبَيِّنَةِ: 1]”. قَالَ: “وَسَمَّانِي؟” قَالَ: “نَعَمْ”، فَبَكَى».

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәлик (р.а.) былай деген: «Пайғамбар (с.а.с.) Үбәйге: “Расында, Алла маған саған ‘Күпірлік еткендер…’ (‘Бәйинә’, 1‑аят) деп басталатын сүрені оқып беруімді бұйырды”, – деді. Үбәй: “Менің атымды да атады ма?” – деп сұрады. Ол: “Иә”, – деді. Сонда Үбәй жылап жіберді».