Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 1575

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
61. Сахабалардың артықшылықтары туралы кітапكِتَابُ فَضَائِلِ الصَّحَابَةِ
бап
24. Ансар руларының артықшылығы туралыبَابُ فَضْلِ دُورِ الْأَنْصَارِ
Нөмірі
№ 1575 (Мухтасар реті) · Сахих: № 3791
1575
Бұхари, № 1575 · Сахих: 3791Риуаят етуші: Әбу Хумәйд

عَنْ أَبِي حُمَيْدٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «إِنَّ خَيْرَ دُورِ الْأَنْصَارِ…». فَذَكَرَ الْحَدِيثَ، وَقَدْ تَقَدَّمَ، ثُمَّ قَالَ: قَالَ سَعْدُ بْنُ عُبَادَةَ لِلنَّبِيِّ ﷺ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، خُيِّرَ دُورُ الْأَنْصَارِ فَجُعِلْنَا آخِرًا». فَقَالَ: «أَوَلَيْسَ بِحَسْبِكُمْ أَنْ تَكُونُوا مِنَ الْخِيَارِ؟».

Қазақша аудармасы

Әбу Хумәйдтен (р.а.) жеткен хабарда Пайғамбар (с.а.с.): «Расында, ансар руларының ең қайырлысы…» – деген. Бұған дейін келтірілген хадис баяндалған. Содан кейін Сағд ибн Ұбаданың Пайғамбарға (с.а.с.): «Уа, Расулалла! Ансар рулары артықшылығына қарай аталып, біз ең соңына қойылдық», – дегені айтылған. Сонда Пайғамбар (с.а.с.): «Ең қайырлылардың қатарында болғандарың өздеріңе жеткілікті емес пе?» – деген.