عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ الزُّبَيْرِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «كُنْتُ يَوْمَ الْأَحْزَابِ جُعِلْتُ أَنَا وَعُمَرُ بْنُ أَبِي سَلَمَةَ فِي النِّسَاءِ، فَنَظَرْتُ فَإِذَا أَنَا بِالزُّبَيْرِ عَلَى فَرَسِهِ، يَخْتَلِفُ إِلَى بَنِي قُرَيْظَةَ مَرَّتَيْنِ أَوْ ثَلَاثًا، فَلَمَّا رَجَعْتُ قُلْتُ: “يَا أَبَتِ، رَأَيْتُكَ تَخْتَلِفُ”. قَالَ: “أَوَهَلْ رَأَيْتَنِي، يَا بُنَيَّ؟” قُلْتُ: “نَعَمْ”. قَالَ: “كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ قَالَ: ‘مَنْ يَأْتِ بَنِي قُرَيْظَةَ فَيَأْتِينِي بِخَبَرِهِمْ؟’ فَانْطَلَقْتُ، فَلَمَّا رَجَعْتُ جَمَعَ لِي رَسُولُ اللَّهِ ﷺ أَبَوَيْهِ فَقَالَ: ‘فِدَاكَ أَبِي وَأُمِّي’”».
Абдулла ибн әз-Зубәйр (р.а.) былай деген: «Ахзаб күні Омар ибн Әбу Сәләмә екеумізді әйелдердің қасына қалдырған еді. Бір кезде қарасам, әкем әз-Зубәйр атына мініп, Бәну Құрайзаға екі немесе үш рет барып келіп жүр екен. Мен қайтып келгенде әкеме: “Уа, әкетай! Сіздің бірнеше рет барып келгеніңізді көрдім”, – дедім. Ол: “Уа, балам! Сен мені көрдің бе?” – деп сұрады. Мен: “Иә”, – дедім. Сонда ол: “Алла Елшісі (с.а.с.): ‘Кім Бәну Құрайзаға барып, маған олар жайында хабар әкеледі?’ – деді. Мен сонда бардым. Қайтып келгенімде, Алла Елшісі (с.а.с.) мен үшін әкесі мен анасын бірге атап: ‘Әкем де, анам да саған құрбан болсын!’ – деді”, – деп жауап берді».