Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 1543

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
61. Сахабалардың артықшылықтары туралы кітапكِتَابُ فَضَائِلِ الصَّحَابَةِ
бап
2. Омар ибн әл-Хаттабтың (р.а.) артықшылықтары туралыبَابُ مَنَاقِبِ عُمَرَ بْنِ الْخَطَّابِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ
Нөмірі
№ 1543 (Мухтасар реті) · Сахих: № 3679
1543
Бұхари, № 1543 · Сахих: 3679Риуаят етуші: Жәбир

عَنْ جَابِرِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: قَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «رَأَيْتُنِي دَخَلْتُ الْجَنَّةَ، فَإِذَا أَنَا بِالرُّمَيْصَاءِ امْرَأَةِ أَبِي طَلْحَةَ، وَسَمِعْتُ خَشَفَةً، فَقُلْتُ: “مَنْ هَذَا؟” فَقَالَ: “هَذَا بِلَالٌ”، وَرَأَيْتُ قَصْرًا بِفِنَائِهِ جَارِيَةٌ، فَقُلْتُ: “لِمَنْ هَذَا؟” فَقَالَ: “لِعُمَرَ”، فَأَرَدْتُ أَنْ أَدْخُلَهُ فَأَنْظُرَ إِلَيْهِ، فَذَكَرْتُ غَيْرَتَكَ»، فَقَالَ عُمَرُ: «بِأَبِي وَأُمِّي، يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَعَلَيْكَ أَغَارُ؟».

Қазақша аудармасы

Жәбир ибн Абдулла (р.а.) былай деген: «Пайғамбар (с.а.с.): “Түсімде жәннатқа кіргенімді көрдім. Бір кезде Әбу Талханың әйелі Румәйсаны көрдім. Содан кейін аяқ дыбысын естіп: ‘Бұл кім?’ – деп сұрадым. Маған: ‘Бұл – Біләл’, – делінді. Сондай-ақ ауласында бір күң тұрған сарайды көріп: ‘Бұл кімдікі?’ – деп сұрадым. Маған: ‘Омардікі’, – делінді. Мен сарайға кіріп, ішін көргім келді. Бірақ сенің қызғанышың есіме түсті”, – деді. Сонда Омар (р.а.): “Уа, Расулалла! Әкем де, анам да сізге құрбан болсын! Мен сізден қызғанамын ба?” – деді».