Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 1538

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
61. Сахабалардың артықшылықтары туралы кітапكِتَابُ فَضَائِلِ الصَّحَابَةِ
бап
1. Пайғамбардан (с.а.с.) кейінгі Әбу Бәкірдің артықшылықтары туралыبَابُ فَضَائِلِ أَبِي بَكْرٍ بَعْدَ النَّبِيِّ ﷺ
Нөмірі
№ 1538 (Мухтасар реті) · Сахих: № 3665
1538
Бұхари, № 1538 · Сахих: 3665Риуаят етуші: Ибн Омар

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “مَنْ جَرَّ ثَوْبَهُ خُيَلَاءَ لَمْ يَنْظُرِ اللَّهُ إِلَيْهِ يَوْمَ الْقِيَامَةِ”، فَقَالَ أَبُو بَكْرٍ: “إِنَّ أَحَدَ شِقَّيْ ثَوْبِي يَسْتَرْخِي، إِلَّا أَنْ أَتَعَاهَدَ ذَلِكَ مِنْهُ”، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “إِنَّكَ لَسْتَ تَصْنَعُ ذَلِكَ خُيَلَاءَ”».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Омар (р.а.) былай жеткізген: «Алла Елшісі (с.а.с.): “Кім киімін тәкаппарлықпен жерге сүйретсе, қиямет күні Алла оған назар салмайды”, – деді. Сонда Әбу Бәкір: “Киімімнің бір жағын үнемі қадағалап тұрмасам, төмен түсіп кетеді”, – деді. Алла Елшісі (с.а.с.): “Сен мұны тәкаппарлықпен істеп жүрген жоқсың”, – деді».