Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 214

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
6. Етеккір кітабыكِتَابُ الْحَيْضِ
бап
9. Етеккірден тазарған әйелдің денесін ысқылап жууы туралыبَابُ دَلْكِ الْمَرْأَةِ نَفْسَهَا إِذَا تَطَهَّرَتْ مِنَ الْمَحِيضِ
Нөмірі
№ 214 (Мухтасар реті) · Сахих: № 314
214
Бұхари, № 214 · Сахих: 314Риуаят етуші: Айша

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا أَنَّ اِمْرَأَةً سَأَلَتِ النَّبِيَّ ﷺ عَنْ غُسْلِهَا مِنَ الْمَحِيضِ، فَأَمَرَهَا كَيْفَ تَغْتَسِلُ، قَالَ: «خُذِي فِرْصَةً مِنْ مِسْكٍ، فَتَطَهَّرِي بِهَا». قَالَتْ: «كَيْفَ أَتَطَهَّرُ؟» قَالَ: «تَطَهَّرِي بِهَا». قَالَتْ: «كَيْفَ؟» قَالَ: «سُبْحَانَ اللَّهِ، تَطَهَّرِي». فَاجْتَبَذْتُهَا إِلَيَّ، فَقُلْتُ: «تَتَبَّعِي بِهَا أَثَرَ الدَّمِ».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай деген: «Бір әйел Пайғамбардан (с.а.с.) етеккірден кейін қалай ғұсыл құйынатынын сұрады. Ол (с.а.с.) оған қалай ғұсыл құйыну керектігін түсіндіріп: “Миск сіңірілген бір жапырақ мата алып, сонымен тазалан”, – деді. Әйел: “Онымен қалай тазаланамын?” – деп сұрады. Ол (с.а.с.): “Сонымен тазалан”, – деді. Әйел тағы да: “Қалай?” – деп сұрады. Сонда ол (с.а.с.): “Субханаллаһ! Тазалан”, – деді. Мен әлгі әйелді өзіме қарай тартып алып: “Қан жұққан жерлерді сонымен сүртіп тазала”, – дедім».