Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 209

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
6. Етеккір кітабыكِتَابُ الْحَيْضِ
бап
5. Етеккірлі әйелді аймалау туралыبَابُ مُبَاشَرَةِ الْحَائِضِ
Нөмірі
№ 209 (Мухтасар реті) · Сахих: № 299, 300, 301
209
Бұхари, № 209 · Сахих: 299, 300, 301Риуаят етуші: Айша

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: كُنْتُ أَغْتَسِلُ أَنَا وَالنَّبِيُّ ﷺ مِنْ إِنَاءٍ وَاحِدٍ كِلَانَا جُنُبٌ. وَكَانَ يَأْمُرُنِي، فَأَتَّزِرُ، فَيُبَاشِرُنِي وَأَنَا حَائِضٌ. وَكَانَ يُخْرِجُ رَأْسَهُ إِلَيَّ وَهُوَ مُعْتَكِفٌ فَأَغْسِلُهُ وَأَنَا حَائِضٌ.

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай деген: «Пайғамбар (с.а.с.) екеуіміз жүніп күйімізде бір ыдыстағы судан бірге ғұсыл құйынатынбыз. Ол (с.а.с.) маған белімді изармен орауды бұйыратын да, етеккірлі күйімде мені аймалайтын. Ол (с.а.с.) иғтикафта отырған кезінде басын маған қарай шығаратын, ал мен етеккірлі күйімде оның басын жуатынмын».