عَنْ أَبِي سَعِيدٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «كَانَ فِي بَنِي إِسْرَائِيلَ رَجُلٌ قَتَلَ تِسْعَةً وَتِسْعِينَ إِنْسَانًا، ثُمَّ خَرَجَ يَسْأَلُ، فَأَتَى رَاهِبًا فَسَأَلَهُ فَقَالَ لَهُ: “هَلْ مِنْ تَوْبَةٍ؟” قَالَ: “لَا”، فَقَتَلَهُ، فَجَعَلَ يَسْأَلُ، فَقَالَ لَهُ رَجُلٌ: “اِئْتِ قَرْيَةَ كَذَا وَكَذَا”، فَأَدْرَكَهُ الْمَوْتُ، فَنَاءَ بِصَدْرِهِ نَحْوَهَا، فَاخْتَصَمَتْ فِيهِ مَلَائِكَةُ الرَّحْمَةِ وَمَلَائِكَةُ الْعَذَابِ، فَأَوْحَى اللَّهُ إِلَى هَذِهِ “أَنْ تَقَرَّبِي”، وَأَوْحَى اللَّهُ إِلَى هَذِهِ “أَنْ تَبَاعَدِي”، وَقَالَ: “قِيسُوا مَا بَيْنَهُمَا”، فَوُجِدَ إِلَى هَذِهِ أَقْرَبَ بِشِبْرٍ، فَغُفِرَ لَهُ».
Әбу Сағид әл-Худри (р.а.) Пайғамбардан (с.а.с.) былай деп жеткізген: «Исраил ұрпақтарының арасында тоқсан тоғыз адамды өлтірген бір кісі болды. Содан кейін ол сұрастырып жүріп, бір монахқа келді де: “Мен үшін тәубе бар ма?” – деп сұрады. Монах: “Жоқ”, – деді. Сонда ол монахты да өлтірді. Кейін тағы да сұрастыра бастады. Бір адам оған: “Пәлен деген елді мекенге бар”, – деді. Ол сол жаққа жолға шықты, бірақ жолда ажалы жетті. Сонда ол кеудесімен әлгі елді мекен жаққа ұмтылды. Осы кезде оған қатысты рақым періштелері мен азап періштелері таласты. Алла баратын жеріне: “Жақында”, – деп, ал артында қалған жерге: “Алыста”, – деп уахи етті. Содан кейін: “Екі жердің арасын өлшеңдер”, – деді. Өлшеген кезде оның баратын елді мекенге бір қарыс жақынырақ екені анықталды. Сөйтіп, ол кешірілді».