عَنْ جُنْدَبِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «كَانَ فِيمَنْ كَانَ قَبْلَكُمْ رَجُلٌ بِهِ جُرْحٌ، فَجَزِعَ، فَأَخَذَ سِكِّينًا فَحَزَّ بِهَا يَدَهُ، فَمَا رَقَأَ الدَّمُ حَتَّى مَاتَ. قَالَ اللَّهُ تَعَالَى: “بَادَرَنِي عَبْدِي بِنَفْسِهِ، حَرَّمْتُ عَلَيْهِ الْجَنَّةَ”».
Қазақша аудармасы
Жундуб ибн Абдулла (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.): “Сендерден бұрын өмір сүргендердің арасында жарасы бар бір адам болған еді. Ол шыдамсыздық танытып, пышақпен қолын кесіп жіберді. Қаны тоқтамай ағып, ақыры содан қайтыс болды. Сонда Алла Тағала: ‘Құлым өз жанын алуға Менен бұрын асықты. Сондықтан оған жәннатты харам еттім’, – деді”, – деген».