Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 1459

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
59. Пайғамбарлар туралы хадистер кітабыكِتَابُ أَحَادِيثِ الْأَنْبِيَاءِ
бап
18. Исраил ұрпақтары жайында айтылғандарبَابُ مَا ذُكِرَ عَنْ بَنِي إِسْرَائِيلَ
Нөмірі
№ 1459 (Мухтасар реті) · Сахих: № 3461
1459
Бұхари, № 1459 · Сахих: 3461Риуаят етуші: Абдулла ибн Амр

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عَمْرٍو رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: «بَلِّغُوا عَنِّي وَلَوْ آيَةً، وَحَدِّثُوا عَنْ بَنِي إِسْرَائِيلَ وَلَا حَرَجَ، وَمَنْ كَذَبَ عَلَيَّ مُتَعَمِّدًا فَلْيَتَبَوَّأْ مَقْعَدَهُ مِنَ النَّارِ».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Амрдың (р.а.) айтуынша, Пайғамбар (с.а.с.): «Менен бір аят болса да жеткізіңдер. Исраил ұрпақтарынан да риуаят ете беріңдер, мұның айыбы жоқ. Ал кім менің атымнан әдейі өтірік айтса, тозақтан өзіне орын дайындай берсін», – деген.