Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 1433

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
59. Пайғамбарлар туралы хадистер кітабыكِتَابُ أَحَادِيثِ الْأَنْبِيَاءِ
бап
5. Алла Тағаланың: «Кітапта Исмағилді де еске ал. Расында, ол уәдесіне берік еді» («Мәриям», 54‑аят) деген сөзі туралыبَابُ قَوْلِ اللَّهِ تَعَالَى: ﴿وَاذْكُرْ فِي الْكِتَابِ إِسْمَاعِيلَ إِنَّهُ كَانَ صَادِقَ الْوَعْدِ﴾ [مَرْيَمَ: 54]
Нөмірі
№ 1433 (Мухтасар реті) · Сахих: № 3373
1433
Бұхари, № 1433 · Сахих: 3373

عَنْ سَلَمَةَ بْنِ الْأَكْوَعِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: مَرَّ النَّبِيُّ ﷺ عَلَى نَفَرٍ مِنْ أَسْلَمَ يَنْتَضِلُونَ، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «اِرْمُوا بَنِي إِسْمَاعِيلَ، فَإِنَّ أَبَاكُمْ كَانَ رَامِيًا، اِرْمُوا، وَأَنَا مَعَ بَنِي فُلَانٍ». قَالَ: فَأَمْسَكَ أَحَدُ الْفَرِيقَيْنِ بِأَيْدِيهِمْ، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَا لَكُمْ لَا تَرْمُونَ؟» فَقَالُوا: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، نَرْمِي وَأَنْتَ مَعَهُمْ؟» قَالَ: «اِرْمُوا وَأَنَا مَعَكُمْ كُلِّكُمْ».

Қазақша аудармасы

Сәләмә ибн әл-Әкуағ (р.а.): «Пайғамбар (с.а.с.) Аслам тайпасынан садақ атудан жарысып жатқан бір топ адамның жанынан өтті. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): “Уа, Исмағил ұлдары! Атыңдар! Өйткені аталарың мерген болған. Атыңдар! Мен пәленше ұлдары жағындамын”, – деді. Сонда екі топтың бірі қолдарын тартып, атуды тоқтатты. Алла Елшісі (с.а.с.): “Сендерге не болды, неге атпайсыңдар?” – деп сұрады. Олар: “Уа, Расулалла! Сіз олармен бірге тұрғанда біз қалай атамыз?” – деді. Сонда ол: “Атыңдар! Мен бәріңмен біргемін”, – деді», – деп жеткізді.