عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: سَمِعْتُ النَّبِيَّ ﷺ يَخْطُبُ عَلَى الْمِنْبَرِ يَقُولُ: «اُقْتُلُوا الْحَيَّاتِ، وَاُقْتُلُوا ذَا الطُّفْيَتَيْنِ وَالْأَبْتَرَ، فَإِنَّهُمَا يَطْمِسَانِ الْبَصَرَ، وَيَسْتَسْقِطَانِ الْحَبَلَ».
قَالَ عَبْدُ اللَّهِ: فَبَيْنَا أَنَا أُطَارِدُ حَيَّةً لِأَقْتُلَهَا، فَنَادَانِي أَبُو لُبَابَةَ: «لَا تَقْتُلْهَا». فَقُلْتُ: «إِنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَدْ أَمَرَ بِقَتْلِ الْحَيَّاتِ». قَالَ: «إِنَّهُ نَهَى بَعْدَ ذَلِكَ عَنْ ذَوَاتِ الْبُيُوتِ، وَهِيَ الْعَوَامِرُ».
Ибн Омар (р.а.) былай деген: «Пайғамбардың (с.а.с.) мінберде құтба айтып тұрып: “Жыландарды өлтіріңдер. Арқасында екі ақ жолағы бар жылан мен құйрығы шолақ жыланды өлтіріңдер. Өйткені бұл екеуі көзді соқыр етеді әрі жүкті әйелдің баласын түсіреді”, – дегенін естідім».
Абдулла былай деген: «Бір жыланды өлтіру үшін қуып жүргенімде, Әбу Лубаба: “Оны өлтірме!” – деп дауыстады. Мен: “Алла Елшісі (с.а.с.) жыландарды өлтіруді бұйырған еді ғой”, – дедім. Ол: “Кейін ол үйлерде тіршілік ететін жыландарды өлтіруге тыйым салды. Олар ‘ауамир’ деп аталады”, – деді».