Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 1367

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
58. Жаратылыстың басталуы туралы кітапكِتَابُ بَدْءِ الْخَلْقِ
бап
4. Алла Тағаланың: «Ол рақымының алдында желдерді жан-жаққа таратушы етіп жіберген» («Фурқан», 48-аят) деген сөзі жайында айтылғандарبَابُ مَا جَاءَ فِي قَوْلِهِ: ﴿وَهُوَ الَّذِي أَرْسَلَ الرِّيَاحَ نُشْرًا بَيْنَ يَدَيْ رَحْمَتِهِ﴾ [الْفُرْقَانِ: 48]
Нөмірі
№ 1367 (Мухтасар реті) · Сахих: № 3206
1367
Бұхари, № 1367 · Сахих: 3206Риуаят етуші: Айша

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: كَانَ النَّبِيُّ ﷺ إِذَا رَأَى مَخِيلَةً فِي السَّمَاءِ أَقْبَلَ وَأَدْبَرَ، وَدَخَلَ وَخَرَجَ، وَتَغَيَّرَ وَجْهُهُ، فَإِذَا أَمْطَرَتِ السَّمَاءُ سُرِّيَ عَنْهُ، فَعَرَّفَتْهُ عَائِشَةُ ذَلِكَ، فَقَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «مَا أَدْرِي لَعَلَّهُ كَمَا قَالَ قَوْمٌ: ﴿فَلَمَّا رَأَوْهُ عَارِضًا مُسْتَقْبِلَ أَوْدِيَتِهِمْ﴾» [الْأَحْقَافِ: 24] الْآيَةَ.

Қазақша аудармасы

Айшаның (р.а.) айтуынша, Пайғамбар (с.а.с.) аспанда жаңбырлы бұлт көрсе, біресе алға, біресе артқа жүріп, біресе үйге кіріп, біресе сыртқа шығатын әрі жүзінің өңі өзгеретін. Ал жаңбыр жауа бастағанда, көңілі жайланатын. Айша оған осыны айтқанда, Пайғамбар (с.а.с.): «Білмеймін, бәлкім, бұл бір қауымның айтқанындай болар», – деді де: «Оны өз алқаптарына қарай бет алған бұлт түрінде көргенде…» («Ахқаф», 24-аят) деген аятты оқыды.