Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 1341

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
56. Жиһад және әскери жорықтар кітабыكِتَابُ الْجِهَادِ وَالسِّيَرِ
бап
96. Пайғамбардың (с.а.с.) жүректері исламға жібітілетін адамдарға және өзгелерге хумустан әрі басқа мал-мүліктен бергені туралыبَابُ مَا كَانَ النَّبِيُّ ﷺ يُعْطِي الْمُؤَلَّفَةَ قُلُوبُهُمْ وَغَيْرَهُمْ مِنَ الْخُمُسِ وَغَيْرِهِ
Нөмірі
№ 1341 (Мухтасар реті) · Сахих: № 3144
1341
Бұхари, № 1341 · Сахих: 3144Риуаят етуші: Ибн Омар

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّ عُمَرَ أَصَابَ جَارِيَتَيْنِ مِنْ سَبْيِ حُنَيْنٍ، فَوَضَعَهُمَا فِي بَعْضِ بُيُوتِ مَكَّةَ، قَالَ: فَمَنَّ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ عَلَى سَبْيِ حُنَيْنٍ، فَجَعَلُوا يَسْعَوْنَ فِي السِّكَكِ، فَقَالَ عُمَرُ: «يَا عَبْدَ اللَّهِ، اُنْظُرْ مَا هَذَا؟» فَقَالَ: «مَنَّ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ عَلَى السَّبْيِ». قَالَ: «اِذْهَبْ فَأَرْسِلِ الْجَارِيَتَيْنِ».

Қазақша аудармасы

Ибн Омардың (р.а.) айтуынша, Омарға Хунайн тұтқындарының арасынан екі күң тиген. Ол екеуін Меккедегі үйлердің біріне орналастырған. Кейін Алла Елшісі (с.а.с.) Хунайн тұтқындарын босатып жіберді. Олар көшелермен жүгіріп тарай бастады. Сонда Омар: «Уа, Абдулла! Мұның не екенін біліп кел», – деді. Абдулла: «Алла Елшісі (с.а.с.) тұтқындарды босатып жіберді», – деді. Омар: «Бар да, әлгі екі күңді босатып жібер», – деді.