Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 1322

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
56. Жиһад және әскери жорықтар кітабыكِتَابُ الْجِهَادِ وَالسِّيَرِ
бап
85. Парсы және өзге тілдерде сөйлеу туралы. Алла Тағаланың: «Тілдерің мен реңдеріңнің әр алуан болуы» («Рум», 22) және «Біз әрбір елшіні өз қауымының тілінде ғана жібердік» («Ибраһим», 4) деген сөздеріبَابُ مَنْ تَكَلَّمَ بِالْفَارِسِيَّةِ وَالرَّطَانَةِ وَقَوْلِهِ تَعَالَى: ﴿وَاخْتِلَافُ أَلْسِنَتِكُمْ وَأَلْوَانِكُمْ﴾ [الرُّومِ: ٢٢]، ﴿وَمَا أَرْسَلْنَا مِنْ رَسُولٍ إِلَّا بِلِسَانِ قَوْمِهِ﴾ [إِبْرَاهِيمَ: ٤]
Нөмірі
№ 1322 (Мухтасар реті) · Сахих: № 3070
1322
Бұхари, № 1322 · Сахих: 3070Риуаят етуші: Жәбир

عَنْ جَابِرِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: قُلْتُ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، ذَبَحْنَا بُهَيْمَةً لَنَا، وَطَحَنْتُ صَاعًا مِنْ شَعِيرٍ، فَتَعَالَ أَنْتَ وَنَفَرٌ». فَصَاحَ النَّبِيُّ ﷺ فَقَالَ: «يَا أَهْلَ الْخَنْدَقِ، إِنَّ جَابِرًا قَدْ صَنَعَ سُورًا، فَحَيَّ هَلًا بِكُمْ».

Қазақша аудармасы

Жәбир ибн Абдулла (р.а.) былай деген: «Мен: “Уа, Расулалла! Біз бір ұсақ малымызды сойдық. Мен бір сағ арпа тарттым. Өзіңіз бірнеше адаммен бірге келіңіз”, – дедім. Сонда Пайғамбар (с.а.с.) бар даусымен: “Уа, ор қазып жатқандар! Жәбир ас әзірледі. Қане, бәрің келіңдер!” – деп жар салды».