Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 1296

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
56. Жиһад және әскери жорықтар кітабыكِتَابُ الْجِهَادِ وَالسِّيَرِ
бап
60. Тәкбір айтқанда дауысты көтерудің мәкруһтығы туралыبَابُ مَا يُكْرَهُ مِنْ رَفْعِ الصَّوْتِ فِي التَّكْبِيرِ
Нөмірі
№ 1296 (Мухтасар реті) · Сахих: № 2992
1296
Бұхари, № 1296 · Сахих: 2992Риуаят етуші: Әбу Мұса

عَنْ أَبِي مُوسَى الْأَشْعَرِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: كُنَّا مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَكُنَّا إِذَا أَشْرَفْنَا عَلَى وَادٍ هَلَّلْنَا وَكَبَّرْنَا، ارْتَفَعَتْ أَصْوَاتُنَا، فَقَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «يَا أَيُّهَا النَّاسُ، اِرْبَعُوا عَلَى أَنْفُسِكُمْ، فَإِنَّكُمْ لَا تَدْعُونَ أَصَمَّ وَلَا غَائِبًا، إِنَّهُ مَعَكُمْ، إِنَّهُ سَمِيعٌ قَرِيبٌ».

Қазақша аудармасы

Әбу Мұса әл-Ашғари (р.а.) былай деді: «Біз Алла Елшісімен (с.а.с.) бірге едік. Бір аңғарға жоғарыдан көз салған сайын: “Лә иләһә иллаллаһ”, – деп тәһлил айтып, “Аллаһу әкбар”, – деп тәкбір айтатынбыз. Сонда дауыстарымыз қатты көтеріліп кетті. Пайғамбар (с.а.с.): “Уа, адамдар! Өздеріңді қинамаңдар. Сендер кереңге де, алыстағыға да жалбарынып жатқан жоқсыңдар. Расында, Ол сендермен бірге. Ол – бәрін Естуші әрі өте Жақын”, – деді».