Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 1289

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
56. Жиһад және әскери жорықтар кітабыكِتَابُ الْجِهَادِ وَالسِّيَرِ
бап
54. Жалдамалы жұмысшы туралыبَابُ الْأَجِيرِ
Нөмірі
№ 1289 (Мухтасар реті) · Сахих: № 2973
1289
Бұхари, № 1289 · Сахих: 2973Риуаят етуші: Яғла ибн Умәйя

عَنْ يَعْلَى بْنِ أُمَيَّةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: اِسْتَأْجَرْتُ أَجِيرًا فَقَاتَلَ رَجُلًا، فَعَضَّ أَحَدُهُمَا الْآخَرَ، فَانْتَزَعَ يَدَهُ مِنْ فِيهِ وَنَزَعَ ثَنِيَّتَهُ، فَأَتَى النَّبِيَّ ﷺ فَأَهْدَرَهَا، فَقَالَ: «أَيَدْفَعُ يَدَهُ إِلَيْكَ تَقْضَمُهَا كَمَا يَقْضَمُ الْفَحْلُ؟»

Қазақша аудармасы

Яғла ибн Үмәйя (р.а.) былай деген: «Бір жұмысшы жалдадым. Ол бір адаммен төбелесіп қалып, екеуінің бірі екіншісін тістеп алды. Тістелген адам қолын оның аузынан жұлып алғанда, тістеген адамның күрек тісі түсіп қалды. Ол Пайғамбарға (с.а.с.) келді. Пайғамбар (с.а.с.) әлгі тіс үшін құн төленбейді деп үкім шығарды да: “Сонда ол қолын аузыңа салып қойып, сен оны бура шайнағандай шайнап тұруың керек пе еді?” – деді».